9.08.2024, 17:30
Оқылды: 152

«Бұл жігіттерді әлі дайындаймыз»: Нұрсұлтан Мамаев таеквондошылар додасын қорытындылады

Таеквондодан Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Нұрсұлтан Мамаев Париж Олимпиадасын қорытындылап, спортшылар нәтижесіне баға берді, деп жазады Olympic.kz.

1EE5DB95-4029-47EF-886C-2DED02F2CC2E

Фото: Сали Сабиров / Olympic.kz

«58 келідегі Самирхон Абабакиров бұл Олимпиадаға алтын алады деп келгенбіз. Себебі, оның ең басты қарсыласы италиялық спортшы болатын. Соңғы Олимпиаданы, әлем чемпионатын, Еуропа біріншілігін жеңіп алған атлет сол еді.

Самирхонды жеңілді деп айта алмаймын. Соңғы секундтар ғана шешіп кетті. Оның қалай айқасқанын көрдіңіздер. Тәжірибесі де, шеберлігі де жоғары. Енді біз Абабакировты 68 келіге ауыстырамыз.

Ал Батырхан Төлеуғали тым жас спортшы. Ол мұндай үлкен ареналарды әлі көрмеген. Жақында Симоне Алессиомен кездесіп, терезесі тең өнер көрсеткен. Өкінішке қарай, бүгін есе жіберді. Бұл жігіттерді келесі Олимпиадаға дайындаймыз», - деді Мамаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале