17.07.2024, 14:30
Оқылды: 56

Бурабайда сирек кездесетін өсімдік гүлдеді

«Бурабай» ұлттық паркінде ақ тұңғиық гүлдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

4EF6B99E-FE34-45C6-B772-CDFD9940922F

Фото: видеодан кадр/«Бурабай» МҰТП

Ұлттық парктің флорасын зерттеу және бақылау бойынша табиғат аясындағы жұмыстар кезінде «Бурабай» МҰТП кіші ғылыми қызметкері-ботаник Юлия Боссерт гүлденген ақ тұңғиықты тапты. Бұл сирек кездесетін өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және парк экожүйесінің маңызды бөлігі саналады.

«Бұл өсімдік заңмен қорғауға алынғанын және біздің қамқорымызға мұқтаж екенін есте ұстаған жөн», - деп атап өтті Юлия Боссерт.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале