Бурабайда квадроциклмен аударылған бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: pixabay.com
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 шілдеде Бурабай курортында болған.
– Астанадан келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттерінің бірінен «X5 Classic» маркалы квадроциклді жалға алған. 19 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Апат салдарынан жарақат алған жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, - делінген хабарламада.
Жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары қолға алынды.