26.04.2022, 12:37
Оқылды: 39

Бұрынғы қала әкімі БҚО әкімі аппаратының басшысы боп тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен БҚО әкімі аппаратының басшысы болып Абат Абайұлы Шыныбеков тағайындалды.

WhatsApp Image 2022-04-26 at 13.34.22

Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау», 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика - менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған.

Әр жылдары:

- Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы;

- БҚО әкімі аппаратының инспекторы, бөлім басшысы;

- Казталов ауданы әкімінің орынбасары;

- «Нұр Отан» партиясы БҚОФ төрағасының орынбасары;

- Орал қалалық мәслихатының хатшысы;

- Сырым ауданының әкімі;

- Казталов ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Орал қаласының әкімі болып еңбек етті.

 

________________

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале