Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Фото скрин
Бүгін Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі COP29 конференциясы басталды.
Ол жаһандық жылынуды 1,5 градустан аспайтын мерзімге тежеу және дамушы елдердегі климаттың өзгеруімен күресу үшін қаржыландыруды ұлғайту бойынша өршіл нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
Айта кетейік, конференция 22 қарашаға дейін жалғасады.
COP29 аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильонының жұмысы шеңберінде декарбонизация мәселелерін талқылауды, тәжірибе алмасуды және климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімді шешімдер әзірлеуді қамтитын кең ауқымды іс-шаралар бағдарламасы қарастырылған.