Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет сапасына берген шағымдарын қарау барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады.
Тұрғын үйді жекешелендіруден негізсіз бас тарту туралы шағым бойынша Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде тұрғын үйді жекешелендіруден негізсіз бас тарту фактісі анықталды.
Анықталған бұзушылықты жою мақсатында департамент ұсыныс жолдап, орындау барысында қызмет алушыға тұрғын үйді беру туралы оң шешімі шығарылды.
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің БҚО-дағы департаменті