2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында Қазақстанда 20 048 орындық 73 мейрамхана пайдалануға берілді. Аталған нысандардың нақты құны 74,2 млрд теңге. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Pixabay
Мейрамханалар саны бойынша Түркістан облысы (28 нысан) мен Қызылорда облысы (8 нысан) алдыңғы орында болды.
Осы кезеңде 6 696 орындық 92 кафе іске қосылып, олардың жалпы құны 14,2 млрд теңгеге жетті.
Өңірлер арасында кафелердің ең көп ашылуы Түркістан (21) және Қызылорда (14) облыстарында тіркелді.
2024 жылы ел бойынша 75 кафе пайдалануға берілген.
Сондай-ақ есепті кезеңде 1 417 орынға есептелген 14 асхана және 26 орындық 3 жылдам тамақтану кәсіпорны ашылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат