16.02.2021, 23:41
Оқылды: 46

Былтыр мыңға жуық бұралқы ит ауланды

Орал қаласы әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар қаңғыбас иттер күрт көбейгеніне шағымданды. Шаһар басшысы Абат Шыныбеков қалалықтардың шағымдануынан хабардар екенін айтты.

853E0774-DE36-4442-A597-176939732BFE

– Қала әкімдігіне қарасты кенттер мен ауылдық округ басшыларының есептік кездесуінде бұл мәселе көбірек айтылды. Жеке сектор аумағында, әсіресе қоқыс контейнерлері қасында бұралқы иттер толып жүретініне қатысты шағым көп. 2019 жылдан бастап облыстық мәслихаттың шешімімен бұралқы иттерді аулаудың жаңа ережелері бекітілді. Соған сәйкес иттерді зарарсыздандыру және кестіру жұмысын жүргізген соң, бұрынғы ареалына қайтадан жібереміз. Ал ауруға шалдыққан ит бірден жойылады.  Ветеринариялық қызмет көрсететін мекемелер мен жергілікті құрылымдар бірлесе атқарған іс-шаралар нәтижесінде былтыр 975 ит ауланды. Биылғы жыл басынан бері 493 ит ауланып, 339-ы биозарарсыздандырылды. Жергілікті атқарушы органдар бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады, – деді әкім.

 Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале