Айтуынша, 2021 жылы сот орындаушылардың іс жүргізуінде 9,3 трлн теңге сомасына 7 млн-ға жуық атқарушылық және басқа да құжат болды.
Нақты өндіріп алынған 2,3 млн атқарушы құжаты 300 млрд теңге сомасын құрады. Негізгі себептері – заңнаманың олқылықтары және борышкерлердің төлем қабілетсіздігі. Былтыр борышкердің табысының немесе мүлкінің болмауына байланысты өндіріп алушыларға 2,4 трлн теңгеге 608 мың атқарушылық құжат қайтарылды, - дейді Әділет министрі Қанат Мусин.
Оның сөзінше, жыл сайын атқарушылық іс саны 1 млн-нан астам құжатқа өседі. Тиісінше сот орындаушылардың жүктемесі де артып келеді.
baq.kz