21.02.2025, 20:00
Оқылды: 115

Былтыр тіл оқыту орталықтарына 29 мыңдай қазақ ана тілін үйренуге барған

21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күні. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Kazinform сауалына жолдаған жауабында елдегі тіл оқыту орталықтарында өзінің ана тілін оқып жүргендердің нақты саны айтылған.

School student's taking exam, thinking hard, writing answer in classroom for educational university admission test and world literacy day concept

Сурет: iStock 

- Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 114 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Олардың 95-і - негізгі орталықтар болса, 19-ы - филиалдары.

2024 жылдың қорытындысы бойынша тіл үйрету курсынан өткендер саны – 63 857 адам. Оның ішінде мемлекеттік тілді оқу курсынан өткендер – 45 841, орыс тілі курсынан өткендер – 4 700, ағылшын тілі – 13 316 адам.

Жергілікті атқарушы органдарда қазақ тілі курсынан өткендер саны – 45 114 адам, оның ішінде 16 517 этнос өкілдері, - деп жазылған жауапта.
Аймақтар бойынша қазақ тілін үйренгендер:

Ақтөбе – 1 700
Абай – 1 400
Ақмола – 3 172
Атырау – 605
БҚО – 705
СҚО – 2 346
Қостанай – 6 761
Ұлытау – 176
Жамбыл – 4 052
Павлодар – 2 294
Қарағанды – 3 577
Қызылорда – 1 000
Түркістан – 4 980
ШҚО – 2 512
Жетісу – 3 822
Шымкент – 901
Алматы облысы – 2 634
Алматы – 977
Астана – 1 500
Министрліктің мәліметіне қарағанда тілдерді оқыту орталықтарының бәрі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Оқу курсына 18 жастан асқан мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық компания өкілдері, үй шаруасындағы адамдар, зейнеткерлер, шетелдік азаматтар, этнос өкілдері тағы да басқа кез-келген өтінім берген азаматтар қатыса алады.

Ал мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар оқыту курстарын өз есебінен қаржыландырады.

Сондай-ақ, мемлекет түрлі этнос өкілдеріне қазақ және ана тілдерін үйретуге арналған курстар ұйымдастырып отыр.

- 2024 жылы 10 этностың тілі 2 910 академиялық сағат көлемінде оқытылды (дүнген тілі, өзбек тілі, күрд тілі, татар тілі, ұйғыр тілі, украин тілі, поляк тілі, неміс тілі, корей тілі, беларусь тілі), - деп жазады министрліктегілер.
Ресми мәлімет бойынша қаңтар айында ҰБТ тапсырған талапкерлердің 76,81%-ы қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале