4.03.2022, 17:30
Оқылды: 33

Чехияда Украинадан келген босқындарға байланысты төтенше жағдай енгізілді

Чехия үкіметі Украинадан босқындардың көптеп келуіне байланысты төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Radio Prague сілтеме жасап.

photo_95512

Чехия премьер-министрі Петр Фиала төтенше жағдай 4 наурыз, жұма күні басталып, 30 күнге созылатынын мәлімдеді. Қажет болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін.

"Украинадан 30 мыңға жуық босқын келді. Олардың біздің елде тұруын тиімді ұйымдастыру үшін үкімет 4 наурыздан бастап төтенше жағдай жариялады", - деп түсіндірді премьер-министр.

 Чехия үкіметінің басшысы босқындарға да, елге де қауіп төніп тұрмағанын айтып,  азаматтардан үрейленбеуді сұрады. Ол Чехия Еуропалық Одақ пен НАТО-ның бөлігі екенін, бұл аймақтағы қауіпсіздік күшейтілгенін айтты.

Чехияның Ішкі істер министрі Вит Ракусан да Украинадан елге күн сайын 5 мыңға жуық босқын келетінін қосты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале