21.05.2025, 10:30
Оқылды: 427

Children's League мәресіне жетті

Соңғы жылдары елімізде футзал қарқынды дамып жатыр. Ұлттық құрама ойыны да көпшіліктің көңілінен шығуда. Соның арқасында бұл спорт түріне деген қызығушылық артты. Әуесқой футзалшылар жарысы көрермен көп жинайтын спорт түрі.

WhatsApp Image 2025-05-21 at 11.10.34 (1)

Жастардың осы спорт түріне деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысы футзал ассоциациясы көктемде «Children's League» жарысын бастады. 150-ден астам жас аяқдопшылардың басын қосқан сайысқа 2013-2014 жылдары туған балалардан құралға 6 команда, 2011–2012 жылғы футзалшылардан тұратын 8 команда бақ сынады.

WhatsApp Image 2025-05-21 at 11.10.35

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, өңірлік футзал ассоциациясының мұрындық болуымен өткен жарыс апта басында мәресіне жетті. Балғын футзалшылардың финалдық бәсекесі жаңадан салынған «Жайық Арена» спорт кешенінде өтті. Футзал додасының финалдық бәсекесін тамашалауға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов арнайы барды.

WhatsApp Image 2025-05-21 at 11.10.35 (1)

– Мұндай жарыстар балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ чемпиондардың қалыптасуына да жол ашады. Алдағы уақытта бұндай жарыстардың дәстүрлі түрде өтіп тұруына қолдау танытатын боламыз. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, футзалдың дамуына үлес қосып жүрген жарыс ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз,–деді Бақдәулет Сәбитов.

WhatsApp Image 2025-05-21 at 11.10.34
БҚО футзал ассоциациясының президенті Жасын Хабибуллин спортты соның ішінде аяқдопты насихаттауға арналған мұндай жарыстар саны алдағы уақытта артатынын айтады.

WhatsApp Image 2025-05-21 at 11.10.33
–Наурыз айының соңында басталған додада кішкентай футболшылардың шеберлігі мен жеңіске деген жігеріне көрермен қанық болды. Ешбір ойыншы аянып қалған жоқ. Алдағы уақытта жарысқа қатысатын командалар санын арттыратын боламыз, – дейді Жасын Хабибуллин.

WhatsApp Image 2025-05-21 at 11.10.33 (1)
Бірнеше ай бойы кім мықтыны анықтаған жарыс қорытындысында 2013–2014 жылары туған командалар бәсекесінде «Football Time» командасы жеңімпаз атанса, 2011–2012 жылғы аяқдопшылар жарысын «Батыс-Қамқор» командасы жеңіп алды. Барлық жеңімпаз, жүлдегерлер футзал ассоцияциясы ұсынған бағалы сыйлық, кубок, медал және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале