7.11.2023, 9:30
Оқылды: 34

Цифрлық карта тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді жеңілдете ме?

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде мыңдаған қазақстандық әлеуметтік-еңбек саласы бойынша өздеріне көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз 1414-тен келген SMS-хабарламаға жауап беру арқылы проактивті түрде алды.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

телефон

Бұл қызметті ОЦК және мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті форматының артықшылықтарын балалы болған әйелдер оң бағалауда.

«Мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алуға құқылы екенімді білетінмін, бірақ ол үшін арнайы инстанцияларға барып өтініш жазып, қағаздар жинау керек деп ойладым. Оған қай күні баратынымды жоспарлап та қойған болатынмын. Бірақ жоспарым аяқ астынан өзгеріп шыға келді, себебі босанғаннан кейін бірнеше күн өткен соң ұялы телефоныма SMS-хабарлама келді. Мен оған жай ғана жауап беру арқылы жәрдемақы алушы болдым. Бұл өте ыңғайлы екен», – деп бөлісті Қостанай облысындағы Қамысты кентінің тұрғыны Гүлнар Алдонгарова.

«Жалпы мен жәрдемақы тағайындалғанға дейін осындай функция бар екенін білмедім. SMS-хабарлама келгенде маған ешқайда барудың қажеті жоқ екеніне қуандым. Менің жауабымнан кейін жәрдемақы тағайындалып, шотыма ақша бір айдан кейін түсті», – деді Тараз қаласының тұрғыны Назгүл Шырынбек.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі күні онда Қазақстанның 19,8 миллионнан астам азаматы немесе 6 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Азаматқа қолдау шарасы қажет қандай да бір өмірлік жағдай туындаған уақытта, ол мобильді азаматтар базасында көрсетілген нөміріне SMS-хабарлама алады және қызмет алу уақытын едәуір қысқарта отырып, оған бірден жауап беруіне болады. Өтінімді ресімдеу үшін ХҚКО немесе басқа мекемеге жүгінудің қажеті жоқ.

Жыл басынан бері 740 мыңнан астам осындай хабарлама жіберілді. Оларға 283 мыңнан астам адам жауап берді және ешқандай өтінішсіз өз төлемдерін немесе жәрдемақыларын алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале