17.07.2025, 17:15
Оқылды: 134

Цифрлық сот орындаушы іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өңірде 623 консультативтік-түсіндіру  іс-шарасы  жүзеге  асқан.  Бұл туралы  облыстық  Әділет  департаментінің басшысы Әлия Тасыбаева  өңірлік  коммуникациялар  қызметі  алаңында  өткен  баспасөз  жиынында баяндады.

алия тасыбаева адилет департ басшысы

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «Әділет кеңес береді», «Халық заңгері», «Ашық есік күні» акциялары бойынша он іс-шара болған. Осы консультативтік-түсіндіру іс-шараларына 83 439 азамат қатысып, кеңес алған. Ауылдық жерлердегі тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 151 «құқық кабинеті» ашылған. Олар аудандық, ауылдық мәдениет үйлерінде, демалыс орталықтарында және осы секілді маңызды ғимараттарда бар. 151 ауылдық округтың барлығында интернетке қолжетімді компьютерлердің орнатылуымен өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылған. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүмкіншіліктер бар.

– Бүгінде «E-ZanKomegi» (заң көмегі) бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Аталған жүйеде аумақ бойынша 70 қорғаушы (адвокат) және 15 заң консультанты тіркелген. Сондай-ақ «Zan Komegi» мобильді қосымшасында азаматтар құқықтық сұрақтарға бейнеқоңырау арқылы жауап алуға мүмкіндігі бар. Тағы бір жаңалық, «Сот орындаушысы роботы» енгізілді. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбеген жағдайда құзырлы құрылымдар мәліметтерді робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтарға EGov Mobile немесе 1414-тен хабарлама жолданады. Осының нәтижесінде азаматтар айыппұл сомасының 25%-ын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, – деді облыстық Әділет департаментінің басшысы  Әлия  Әнесқызы.

Цифрлық сот орындаушысы

іске қосылған сәттен бастап осы күнге дейін жалпы құны 267 182 309 теңге сомаға әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жеңілдетілген тәртіпте 11 190 іс жүргізілген. Оның ішінде 50 221 802 теңгені қамтитын 2186 іс аяқталған. Бұл борышкерлерге 12 555 450 теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Қызметтерді жеңілдету жөніндегі жұмыс нәтижесінде қазақстандықтар уақыт пен ақшаны үнемдейді.

Нұрым Ғұмар,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале