Денсаулық сақтау министрлігінде де жаңажылдық корпоратив өтпейтін болды. Денсаулық сақтау министрі Жаңа жылды үйде тойлауға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
-Жаңа жыл – отбасылық мейрам, сондықтан, адам санын шектеген дұрыс. Вирус жоғалған жоқ. Өкінішке қарай, әлі де таралып жатыр, ауру мен өлім-жітім жағдайлары әлі де бар, сондықтан сақтанып, мейрамды отбасыңмен ғана тойлаған жөн, - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Алексей Цой ауқымды іс-шаралардың өзін шектеу қажеттігін айтты.
- Ауқымды іс-шараларды да шектеген жөн. Нақты талаптар бар, жиналған күннің өзінде вирус жұқтырмау үшін аз адам ғана болғаны дұрыс. Өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, күнде мектептер жабылып жатыр. Жалғыз жол - вакцинация, - деді Денсаулық сақтау министрі.