10.12.2020, 10:25
Оқылды: 37

COVID-19: Екі банк Қазақстанға 1,5 млрд. еуро қарыз бөледі

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы және «Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

B036FE0C-C878-4B91-9120-D1D1927D965E

«Сіздердің қарауыңызға екі заң жобасы ұсынылып отыр. Бұл келісімдерге Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №385 және №386 Жарлықтарына сәйкес қол қойылды», - деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы 908 млн. 596 мың еуро сомасындағы және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы 661 млн. 800 мың еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімдерге қол қойылды. Қарыздар 2021 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Яғни COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес және экономиканы қалпына келтіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шараларын қолдауға мүмкіндік береді. «Азия даму банкінің қарызы өтеу мерзіміне қатысты екі бөлікке бөлінген. 454 млн. 298 мың еуро сомасындағы қарыздың бір бөлігі, яғни жартысы 3 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімге беріледі. Ал қалған 454 млн. 298 мың еуро сомасындағы екінші жартысы 3 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 5 жыл мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%», - деп нақтылады министр.

Бұдан бөлек, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қарызы 3 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл өтеу мерзіміне беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%.

«Келісімдерде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес қарыздарға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын болады. Бұл қаражат Азия даму банкінің және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарламалары аясында Қазақстан Республикасы үшін резервтелген», - деді Е.Жамаубаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале