22.11.2023, 16:45
Оқылды: 399

Дала генерал-губернаторлығы қашан құрылды?

1891 жылдың 25 наурызында Александр ІІІ қол қойған «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жайлы ереже» жарияланады.

жп дала

Бұл қазақ қоғамына жаңа әкімшілік және сот реформасын енгізуге бағытталған заң актілері болатын. Ереже бойынша бұрынғы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының орнына жаңа әкімшілік-территориялық басқару - Дала генерал-губернаторлығы құрылады.

Дала генерал-губернаторлығы құрамына - Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кіреді. Ал орталығы Омбы қаласы болып бекітіледі.

Генерал-губернатордың билігі шексіз болды.

Губернатор жаңа сайлау немесе қайта сайлау өткізуге құқылы болды.

Жер иелену нормалары өзгеріске ұшырады. Қазақ жері толықтай Ресей «мемлекетінің меншігі», ал қазақтар «қызметшілері» деп жарияланады.

Ережеге сәйкес қазақтарға ортақ империялық сот жүйесі құрылады. Ал жергілікті мұсылман жұртына қатысты сот істерін халық соттары қарайды делінді.

Осылайша 1891 жылғы қабылданған «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жайлы ереже» патшалық саясаттың Қазақстандағы отаршылдық үстемдігін арттырып, Ресейдің әміршілдік-әкімшілік басқаруын тездетті.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале