6.03.2023, 17:15
Оқылды: 11

Данияр Шамшаев Ташкенттегі Үлкен дулыға турнирінің күміс жүлдегері атанды

Отандасымыз Данияр Шамшаев (73 кг дейін) Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Үлкен дулыға турнирінің күміс жүлдегері атанды. Финалда отандасымыз жарыс қожайыны Муроджан Юлдошевке есе жіберді. Бұл туралы kazsports.kz хабарлады. 

f9d5bf0de20e4b83fd8e68b85d22bad9

Фото: kazsports.kz

Шамшаев жартылай финалда швейцариялық Нилл Штамптың жауырыны жерге тигізсе, ширек финалда түркиялық татами шеберінің жолын кесті. Ал іріктеуде француз Аксус Бенджжамин мен қырғыз Шыңғисхан Сагиналиевтің адымын аштырмады.

Айта кетейік, кеше 60 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев күміс медаль алған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале