19.03.2021, 10:37
Оқылды: 2

Дарабоз дирижер

Шамғон Қажығалиев 1927 жылдың 15 маусымында Жаңақала ауданының Ұялықұм елді мекенінде туған. Балалық шағы музыкаға әуестікпен өтіп, домбырашы ретінде ерте көзге түскен. Бес жасында әке-шешеден айырылып, балалар үйінде тәрбиеленеді. Кәсіби музыкалық білімді Алматыда алады. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбыра класы бойынша Қали Жантілеуовтен, дирижерлік класы бойынша профессор Ахмет Жұбанов пен доцент Леонид Шаргородскийден аяқтаған. Араға уақыт салып Н.Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Опера-симфония дирижері мамандығы бойынша профессор Э.Грикуровтың класынан білім алған.

11111111

Толығырақ білгіңіз келсе, облыстық «Орал өңірі» газетінің 19 наурыз күнгі №22 санында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік академиялық симфония оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің  дирижері Мүсілім Әмзенің «Дарабоз дирижер» атты мақаласын оқыңыз, оқырман!

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале