1.04.2025, 13:00
Оқылды: 35

Дәрігер алты сағаттан аз ұйқының қауіпті салдарын атады

Невропатолог Александр Щелухин ұйқы қанбауы қандай зардаптарға әкеп соғатынын айтты. Маман алты сағаттан аз ұйқының қаупі туралы lenta.ru-ға берген сұхбатында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Sleepy man in bed

Фото: istockphoto.com

Бұл бағытта зерттеу жүргізілген. Зерттеуге қатысушылар қатарынан екі түн төрт сағаттан артық ұйықтамаған. Нәтижесінде олардың иммун жүйесі нашарлағаны байқалған.

"Ұйқының жетіспеушілігі келесі күні ақыл-ой қабілеті төмендеуіне, зейін қоя алмауға әкеп соғады", - деді Александр Щелухин.

Адам үнемі алты сағаттан аз ұйықтаса, инфаркт, инсульт, гипертония, қант диабеті, семіздік, метаболикалық синдром қаупі артады. Ал деменция, Альцгеймер қаупі бірнеше есе артады.

Александр Щелухин ұйқы қанбауы ересектер үшін ғана емес, балалар үшін де қауіпті екенін айтты.

"Балаларда ұйқының жетіспеушілігі ағзаның өсуі мен дамуы бұзылуына әкеп соғады, мектептегі оқу үлгерімін де төмендетеді", - деп қорытындылады дәрігер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале