13.11.2025, 11:45
Оқылды: 56

Дәрігер диетасыз-ақ арықтаудың жолын айтты

Эндокринолог дәрігер Лидия Биндюкованың айтуынша, біздің тәбетімізді, салмағымызды және энергия деңгейімізді эндокриндік жүйе басқарады. Ол - "биологиялық интеллекттің" бірегей түрі. Бұл жүйе біздің энергетикалық теңгерімімізді үнемі есептеп, қай сәтте не істеу керегін өзі шешеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.

1

Фото: istockphoto.com

"Бұл интеллекттің негізінде үздіксіз химиялық диалог жатыр. Оған май тінінде өндірілетін лептин және асқазанда түзілетін грелин қатысады. Бұл - аштық пен тоқтықтың белгісі емес, күрделі "хабарлама", - деп түсіндіреді Лидия Биндюкова.

Дәрігердің айтуынша, лептин - энергия қоймасы саналатын май тінінен миға жолданатын бір түрдегі "есеп". Ол жүйке жүйесіне "бәрі жақсы, өмірлік маңызды процестерге қажетті қор жеткілікті әрі ұзаққа жетеді" дегенді хабарлайды. Ал грелин - жедел жүйеден, яғни біздің асқорыту жолымыздан түсетін "сұраным". Егер қысқа мерзімді қорларды толтыру қажет болса, ол тәбетке әсер етеді.

Бұл жүйе дұрыс жұмыс істегенде, қор жеткілікті болса лептин грелинді басады, ал тапшылықта кері әсер етеді.

Егер арықтағысы келетін адам кенет өзін тағамнан қатты шектесе, тәбетін жай ерік-жігермен бақылауға тырысса, дәл осы сәтте метаболикалық жад іске қосылады.

"Ұзақ уақыт бойы болған артық салмақ ағза үшін норманың жаңа, көтеріңкі бастапқы нүктесін бекітеді. Адам тамақты күрт әрі қатаң шектей бастағанда, ағза мұны артық салмақтан арылу емес, тікелей қауіп ретінде қабылдайды", - дейді эндокринолог.

Ағза бұған жауап ретінде метаболизмді баяулатып қоймай, алғашқы мүмкіндік туған сәтте бұдан да үлкен қор жинай бастайды.

Сондықтан дәрігер артық салмақ тастағанда адам өзін шектемей, өміріне өзгерісті біртіндеп енгізуі керегін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале