21.11.2025, 10:45
Оқылды: 43

Дәрігер дүкенде сатылатын денсаулыққа қауіпті тағам түрін атады

Терапевт-дәрігер Эшли Эннеди мыжылған консервілерді тағамға қолданбау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жп каратобе супермаркет (6)

Фото сайт мұрағатынан

Эннедидің айтуынша, банкі зақымданғанда, оған ауа кіріп, бактерияларымен толуы мүмкін. Оның сөзінше, бұл бактериялар адам үшін улы ботулотоксин бөледі, ол жүйке жүйесіне зақым келтіреді.

Дәрігердің айтуынша, улану кезінде адам дұрыс көрмей, аузы құрғап, жұтыну мен тыныс алу қиындайды. Кейде ботулизммен ауырған науқастарда әлсіздік немесе аяқ-қолдың салданады.

"Ең қорқыныштысы - оны ажырату мүмкін емес. Оның ерекше иісі не дәмі болмайды. Ол жай тағам сияқты болады. Ал сіз симптомдар басталғанша ештеңе сезбейсіз", - деп ескертті ол.

Терапевт егер қаптамасы ісінген, жарылған немесе мыжылған болса, кез келген консервіні қоқысқа тастауға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале