9.12.2025, 11:00
Оқылды: 21

Дәрігер пайдалы тамақтануға қатысты тосын жайт айтты

Дәрігер Саймон Фельдхаус пайдалы тамақтану деген ұғым жоғын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі El Español басылымына сілтеме жасап. 

Фельдхаус азық-түліктер "пайдалы" және "зиян" болады деген мифті жоққа шығарды.

Дәрігер қатаң тыйым салынған өнімдер тізімін жасамауға, керісінше дастархандағы тағамның қайдан шыққанына, тазалығына және өңделу деңгейіне назар аударуға шақырды.

1

Фото: istockphoto.com

"Ең бастысы – тағам қандай екені емес, оның сапасы маңызды", - деді дәрігер.

Мысалы, өзі Швейцарияның кейбір аймақтарында ғана өндірілетін етті жейді. Бұдан бөлек, ол тек көкөніс, жеміс-жидек тұтынуға кеңес берді.

"Егер қазір құлпынай өспесе, мен оны не үшін жеуім керек?" - деп түйіндеді Фельдхаус.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале