20.01.2025, 10:45
Оқылды: 106

Дәрігер ер адамдарға қарағанда әйелдерге көп ұйықтау керегін айтты

АҚШ дәрігері Патрик Флинн әйелдерге ерлерге қарағанда көбірек ұйқы қажет екенін айтты. Дәрігер әлеуметтік желідегі жазбасында ұзақ ұйықтаудың ағзаға қажеттілігін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

High angle view of a woman taking a nap in her bed at night. Photographed in medium format.

Фото: istockphoto.com

Флинн гормональды айырмашылықтар мен белгілі бір гормондарды шығаратын бүйрек үсті бездерінің жұмысындағы айырмашылықтарға байланысты әйелдерге көбірек ұйқы қажет екенін түсіндірді. Оның айтуынша, ер адамдарға жеті-сегіз сағат ұйықтаса жеткілікті, алайда әйелдерге сегіз-он сағат үзіліссіз ұйқы қажет.

"Бұл гормональды қорлар мәселесіне байланысты туындайды. Еркектерде бүйрек үсті бездері гормондардың шамамен 2-3 пайызын өндіре алады, ал қалған бөлігі аталық бездерден келеді. Олар сіздің ұйықтап жатқаныңызға қарамастан жұмыс істейді", - деді дәрігер.

Ал дәрігер әйелдерде бұл гормондарды тек бүйрек үсті бездері шығаратынын және олардың жұмысы ұйқыны көбірек қажет ететінін, сол себепті де әйелдер көп ұйықтауы керегін түсіндірді.

Патрик Флинн - атақты хиропрактор, халықаралық бестселлер авторы және денсаулықты қалпына келтіруге және баламалы тәсілді қолданып, созылмалы ауруларды емдеуге маманданған The Wellness Way клиникалар желісінің негізін қалаушы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале