massaget.kz сайты сарапшылардың пікіріне сүйеніп, мидағы деструктивті процестер тұқым қуалаушылыққа, климатқа және жалпы денсаулыққа байланысты болуы мүмкін екенін жазды.
Адам кейбір ережелерді сақтаса, мидың саулығын қамтамасыз ете алады.
Біріншіден, адам жеткілікті түрде ұйықтауы керек. Себебі, ми күнделікті жұмыстан шаршап, ұйықтаған кезде ғана қалпына келеді.
Екіншіден, үнемі жаңа нәрсені үйренуге талпыну керек. Оқу процесінде мида жаңа нейрондық байланыстар пайда болады, бұл оның тұрақты дамуына ықпал етеді.
Үшіншіден, дәрумендерді күні бойы қабылдау керек. Ол үшін көкөністер мен жемістерді жеу жеткілікті.