27.03.2025, 11:30
Оқылды: 250

Дәрігерлердің жүктемесі артып, қабылдауға жазыла алмаса, не істеу керек?

Медициналық қызметті күту мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. (МӘМС және (немесе) ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарының орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес). Егер емханада осы мерзімде дәрігерге жазылу мүмкін болмаса, қажет болса, пациентті бірлесіп жұмыс істейтін басқа клиникаға жібере алады.

WhatsApp Image 2025-03-27 at 11.41.55  Егер 15 күннен ұзақ күтетін жағдай болса және пациент басқа клиникаға жіберілмесе, ол пациентті қолдау қызметіне жүгіну керек. Онда пациенттердің шағымдарын қарастырып, мәселелерді шешумен айналысады.

WhatsApp Image 2025-03-27 at 11.40.57
Сонымен қатар, МСАК ұйымдарында «фильтр-кабинеттер» бар. Онда инфекциялық ауруларға күдік болған жағдайда дәрігер қабылдауына алдын ала жазылусыз баруға болады (Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру стандартының 110-тармағына сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығымен бекітілген).

WhatsApp Image 2025-03-27 at 11.39.03

Сымбат Қыпшақбай,

халықты ақпараттандыру және өтініштерді
қарау бөлімінің бас сарапшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале