14.10.2022, 15:47
Оқылды: 43

Дархан Қыдырәлі арандатушылық бағыттағы ақпараттар көбейгені туралы ескертті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі желідегі парақшасында соңғы кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кеткені туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_20221014_110548

«Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі. Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық. Сондықтан әсіресе, әріптестеріме әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуін сұраймыз», - деп жазды министр парақшасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале