3.08.2022, 15:00
Оқылды: 12

«Дарын» сыйлығына құжаттар қабылдануда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ранида Ашенова айтты.

WhatsApp Image 2022-08-03 at 08.44.44

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында 1992 жылдан бастап жыл сайын берілуде.

«Дарын» сыйлығына үміткерлер «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» барлығы 10 номинация бойынша қатыса алады.

- Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа дейінгі, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ инновациялық қызметте жұмыс жасайтын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер бола алады. «Дарын» сыйлығына құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 10 тамызға дейін жалғасады, - деді БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ранида Ашенова.

Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағы, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық беріледі.

Динара Насыр,

zhaikpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале