Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды. Оның нәтижесі-15,74 м.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Сондай-ақ, осы санатта қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды, ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды.
«Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі.