26.02.2023, 16:49
Оқылды: 48

Дәстүрлі шара жалғасын тапты

Сенбіде Оралдағы Жаhанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде кәсіподақ мүшелері Денсаулық күнін ұйымдастырды. Оқу орнында дәстүрлі өткізіліп келе жатқан Денсаулық күні «Кемпинг Мечта» демалыс орталығында өте қызықты, тартысты өтті.

WhatsApp Image 2023-02-25 at 14.55.19 (1)

Шараның салтанатты ашылуында колледж директоры Алтынгүл Кайрлиева сөз сөйлеп, спорттың адам өміріндегі орнына, дәстүрлі шараның мән-маңызына тоқталды.

WhatsApp Image 2023-02-25 at 14.55.19

Денсаулық күніне атсалысушы командалар «Кемпинг Мечта» демалыс орталығы ұйымдастырған эстафеталық ойындарға белсене қатысты. Атап айтар болсақ, Ағылшын тілі; Қазақ тілі мен әдебиеті; Жаратылыстану және қоғамдық пәндер; Дене тәрбиесі және спорт; Педагогика және психология; Орыс тілі және әдебиеті; Мектепке дейінгі тәрбие және тәрбие оқыту; Технология; Музыка кафедралары, кіші қызметкерлер өзара бақ сынасып, «Мектепке дейінгі тәрбие және тәрбие оқыту» кафедрасы жеңіске жетті. Эстафеталық ойындар аяқталғаннан кейін қатысушылар шаңғы, коньки, шанамен сырғанап, демалыстың көрігін одан сайын қыздыра түсті.

Айта кету керек, Денсаулық күні колледж тарихында қалатын мәні мен мазмұны зор шаралардың бірі. Күнделікте өмірде колледж қабырғасында сабақ берумен шектелетін ұстаздар қауымы үшін бұл күн таза ауада бой жазып, демалып қайтудан гөрі, спорттың денсаулыққа пайдалы екеніне тағы бір мәрте көз жеткізуге, ұжымдық белсенділіктерін арттыруға, саулықтарын нығайтуға себепші болды.

WhatsApp Image 2023-02-25 at 14.55.20

Рабиға Такенова,

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының оқытушысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале