Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!
Фото дереккөзі: magadanmedia.ru
«Қазгидромет» РМК-ның 2023 жылғы 08 қаңтардағы мәліметі бойынша:
09 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.
ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 8 (7112) 51-44-50 (факс), 51-42-22, 112.