8.06.2022, 15:00
Оқылды: 77

Дауыс бергендердің 73,27%-ы қолдады

7 маусым күні ҚР Орталық референдум комиссиясы ұсынған хаттамалар негізінде бүкілхалықтық дауыс берудің қорытындысы жарияланды. Референдумға қатысу құқығы бар ел азаматтарының жалпы саны – 11 миллион 734 мың 642 адам. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беруге 7 млн 985 мың 769 адам немесе дауыс беру құқығы бар азаматтардың 68,05%-ы қатысты.

661a80e871f42e3e2e881177bc831001

Елдің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18%-ы немесе 6 миллион 163 мың 516 адам конституциялық түзетулерді жақтап дауыс берді. 1 миллион 490 мың 470 адам (18,66 пайыз) референдумға қойылған мәселені қолдамайтынын білдірді. 17 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада дауыс беруге қатысқан азаматтардың басым бөлігі оң жауапты белгіледі.

БҚО референдум комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, маусымның 5-інде өңірде дауыс беруге құқығы бар 444 163 адамның 305 576-сы немесе 69,37%-ы референдумға қатысты. Референдум күні 505 учаске бойынша 308 446 бюллетень таратылды. 4254 бюллетень жарамсыз деп танылды. 6893 адам үйінен тыс жерде дауыс берді. Облыс бойынша жалпыұлттық референдумға қатысқандардың 73,27%-ы (223 908) оң шешімді жақтаса, 26,73%-ы (73825) қарсы дауыс берді. Қаратөбе (85%),  Бөкей ордасы (84,28%) және Жаңақала мен Тасқала (83%) аудандарында дауыс берушілердің көпшілігі саяси өзгеріске қолдау білдірген. Бұл бағыттағы ең төменгі көрсеткіш Орал қаласында (63%) тіркелді.

Нұртай Текебай, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале