5.08.2022, 15:00
Оқылды: 55

ДДСҰ басшысы қазақ тілін үйренуге ниетті екенін айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазақ тілін үйренуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

05

Ұйым басшысы Алматыға бейресми сапармен келіп, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен кездескен болатын.

"Бұған дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы алғаш рет Алматыға бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. Ол кезде қазақтың құдасы емес едім. Біз 2022 жылы құдаластық, қуаныштымын. Осында менің Дәулет Тұрлыханов есімді құдам бар. Бұл Қазақстанның менің де үйім екенін білдіреді. Жақын арада немерем сөйлей бастайды. Онымен оның ана тілінде сөйлесуім керек", - деді ол.

Әлеуметтік желіде ДДСҰ бас директоры Қазақстандағы туыстарынан сыйлық алып жатқан сәті түсірілген кадрлар да тарап жатыр. Суретте әлемнің бас дәрігері ат үстінде, қазақ шапанында отыр.

03

Еске салайық, Тедрос Адханом Гебрейесус - белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның құдасы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале