2.06.2023, 16:15
Оқылды: 43

Демалыста ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

тау

Метеорологтардың айтуынша, Оңтүстік ағынмен байланысты антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Тек батыс облыстарында және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда циклон мен атмосфералық фронталь бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік облыстарында шаңды дауылмен жел күшейеді деп болжанады.

"Қарқынды аптап сақталады, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде күн 36-41 градусқа дейін, шығыста 33-39 градусқа дейін, орталықта 33-41 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 30-39 градусқа дейін жылынады", делінген хабарламада.

С. Бөлек

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале