6.08.2024, 21:41
Оқылды: 112

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шықты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлады Olympic.kz.

0A004FFF-68A2-43AF-92AB-A41152032D7E

Фото: Костадин Андонов / Olympic.kz.

77 келі салмақта сынға түскен Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті.

Айта кетелік, ширек финалда Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовты жеңген болатын.

Үш минутта басымдықты бермеген қазақ палуаны ертең алтын үшін жапон палуанымен күш сынасады.

Қоса өтсек, қазақ палуаны Олимпиада финалында сонау 1996 жылдан бері өнер көрсетпеді. Дәл сол жылы Атлантада Юрий Мельчинко алтын иеленді.

Ал ұлты қазақ палуан Олимпиада финалында 1988 жылы белдесті. Ол палуан атақты – Дәулет Тұрлыханов.

Әттең, Жақсылық Үшкемпіров тірі болғанда ғой!

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале