17.11.2023, 11:00
Оқылды: 28

Денесіне 52 чип орнатқан әйел Гиннестің рекордтар кітабына енді

АҚШ-та тұратын әйел денесіне 52 технологиялық имплант орнату арқылы рекордтар кітабына енді. Ол чиптердің көмегімен компьютерді қозғалыссыз іске қоса алады, телефон соға алады, деп хабарлайды Kazinform.

15b8c7f4-cd59-452d-a58b-cab41d75023a

Фото: Guinness World Records

Америка Құрама Штаттарында тұратын 48 жастағы Анастасия Син өзінің денесінде ең технологиялық импланттары бар әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның денесінде 52 имплант бар. Олар сонымен қатар адам денесіне орналастыруға болатын ең үлкен магнитті қамтиды. Әйел өзін «киборг» деп санайды.

Денесіне салынған чиптердің көмегімен әйел компьютерді қосып, оның кодын аша алады. Анастасия бұл идеяға қызының арқасында қызығушылық танытқанын айтты.

«Қызым денесіне микрочип орнатса, ойындағы қыздар сияқты компьютердің кодын аша алатынын айтып, рұқсат сұрады. Ал мен оны алдымен өзім қолданып көріп, қауіпсіз екенін анықтауым керек дедім», - деді ол.

Әйел имплантанттар оған алтыншы сезім беретінін айтты.

«Мен сізге сіздің микротолқынды пешіңіз көп радиация шығарып жатқанын айта аламын. Ол кезде менің қолым дірілдейді», - дейді.

Анастасия қабырғаның артындағы электр сымдарын да сезе алады.

Ол тіпті импланттарын пайдаланып телефон соға алады.

«Сол білегім қызыма, оң білегім күйеуіме қоңырау шала алады», - дейді әйел.

Анастасия денесіне импланттарды өзі салғанын, кейбіріне медициналық көмек алғанын айтты.

Бірақ рекордшы денені имплантациялау қаупі туралы да ескертті.

«Егер менде үнемі бақылауды қажет ететін ауру бар екенін түсінсем, денемдегі барлық имплантын алып тастар едім», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале