7.08.2023, 12:15
Оқылды: 5

Денис Евсеев әлемдік рейтингте 31 саты жоғары көтерілді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7003b8f1-d087-4df3-ad9e-8ee5bb48ec73

Фото: ktf.kz

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик 25-тен 28-орынға түсіп кетті.

Сондай-ақ Тимофей Скатов 131-ден 132-ге, Михаил Кукушкин 227-ден 235-ке, Бейбіт Жұқаев 258-ден 260-қа сырғыды.

Есесіне өткен екі аптада сәтті өнер көрсеткен Денис Евсеев 340-тан бірден 309-орынға көтерілді.

Рейтингтегі үздік үштікте ешқандай өзгеріс жоқ: испаниялық Карлос Алькарас бірінші, сербиялық Новак Джокович екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші сатыда.

Жұптық сында да нидерландылық Уэсли Колхоф, британиялық Нил Скупски және америкалық Остин Крайчек көштің алдын берер емес.

Өткен аптада Аустриядағы жарыстың финалына дейін жеткен қазақстандық Александр Недовесов 45-тен 44-ке жоғарылады. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші. Андрей Голубев 83-тен 81-ге ауысты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліс тапқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Монреаль мастерс жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады.

Өкінішке қарай, Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында аустриялық Кимберли Биррелге еш қайрат көрсете алмай, Монреальдағы негізгі турнирден тыс қалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале