Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев Қытайдағы Шэньчжэн челленджер турнирін сәтті бастады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото: ktf.kz
Дүниежүзілік рейтингте 260-орында тұрған Евсеев алғашқы айналымда жұптық сында 2015 жылғы Аустралия ашық чемпионатының және 17 ATP жарысының (соның 9-ы жекелей сында) жеңімпазы, әлемнің бұрынғы 9-ыншы, қазіргі 128-ракеткасы Фабио Фоньинимен кездесті. Атақты қарсыласын 6:4, 7:6 (8:6) есебімен сүріндірген қазақстандық теннисші екінші айналымда қытайлық, рейтингте 585-орындағы Цуй Цземен сынға түседі.
Сондай-ақ әлемнің 302-ракеткасы Бейбіт Жукаев бастапқы кездесуінде рейтингте 610-сатыдағы корт иесі Ли Чжэні жолдан тайдырды – 6:4, 6:4. Бейбіт ширек финалға шығу үшін әлемнің 69-ыншы, доданың 1-ракеткасы, аустралиялық Танаси Коккинакиспен кездеседі.