Денсаулық сақтау министрлігі елдегі ауруханаларды онлайн форматта қадағалау тәртібін енгізді.
«Дәрі-дәрмектің қымбатқа сатылу мәселесіне бей-жай қарамай, әлеуметтік желіде тіркелген фактілерді бөлісіп жатқан азаматтар бар. Олар дәріні алып сататын адамдардың әрекетіне наразылықтарын білдіруде. Қоғамға мұндай заңсыз саудамен күрес қатал жүргізілетіні жетті деген ойдамын. Халықтың денсаулығынан осылай пайда тауып жатқан адамдар жазаланады», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр сонымен бірге медициналық ұйымдарды қадағалаудың жаңа форматы - онлайн-бақылау тәртібі енгізілгенін жеткізді.
«Кеше ғана Атыраудағы ауруханаларды онлайн-бақылау жүргізілді. Бұл дегеніміз қазір Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері кез келген өңірдің медициналық ұйымына хабарласып, онлайн байланыспен ұйымды бақылайды. Қызметкерлеріміз шынайы мәселені сұрайды. Қандай кабинетке кіруді де министрлік қызметкерлері айтып отырады. Кеше ғана осындай тәртіппен бірнеше пациентпен сөйлестік. Яғни жұмыстың осындай форматы аз уақыттың ішінде бірнеше аурухана жұмысын тексеруге мүмкіндік берді», - деді Алексей Цой.
zhaikpress.kz