18.07.2025, 16:45
Оқылды: 117

Денсаулық сақтау министрлігі: жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚР-да туберкулезбен сырқаттанушылық 13,9%-ға төмендеді

Қазақстанда 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 13,9%-ға, таралушылық көрсеткіші 16,1%-ға, балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 6,7%-ға төмендеді, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ДСМ Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов, - деп жазады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_17_cbe5910112f1bac5f52d6562868a2002_1280x720

Сурет: gov.kz

Жыл басынан бері алдын алу шаралары мен заманауи емдеу әдістерінің нәтижесінде туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 20%-ға төмендеді. 2024 жылдан бастап ҚР-да 0-ден 17 жасқа дейінгі балалардың арасында туберкулезден қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ.

«Бүгінде елімізде туберкулезге қарсы қызмет жедел диагностика әдістерін белсенді енгізуде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған жаңа туберкулезге қарсы препараттар мен емдеу схемаларын қолдануда. Бұл шаралар елдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты жақсаруына ықпал етеді», - деп атап өтті бейіндік орталықтың басшысы.

Мәселен, соңғы 10 жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 43%-ға таралушылық көрсеткіші 52%-ға, балалар сырқаттанушылығының көрсеткіші 50,3%-ға, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 75,6%-ға төмендеді.

2025 жылға арналған туберкулез бойынша орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) аралық индикаторлары - таралушылық пен өлімді төмендету - 2024 жылы мерзімінен бұрын қол жеткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале