Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына хакерлік шабуыл жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артықшынова жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Инстаграмм арқылы Фейсбуққа жазып отырмын! Өкінішке қарай, белгісіз жандар Денсаулық сақтау министрлігінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасын және менің жеке парақшамды бұзды Сол себепті, фейсбуктегі ақпаратты уақытша менің және министр Ажар Ғинияттың парақшасында жариялайтын боламыз. Сонымен қатар, ресми ақпарат сайтта және басқа да әлеуметтік желілерде жарияланады: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk Инстаграм: https://www.instagram.com/healthcare.gov.kz/ Телеграм: https://t.me/DenMinPR Парақшаны қайтару бойынша фейсбукке хат жолданды», - деп жазды Әсел Артықшынова.