Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қалалық көпбейінді ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде облыс басшысы Халықаралық әйелдер күнінде медицина мамандарын құттықтауға арнайы келгенін айтты.
– Мен өңірде әр түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген әйел-аналармен кездесу өткіздім. Сол қатарда денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін жеке құттықтап, қызығынан қиындығы мол салада жан аямай еңбек еткен өздеріңізге ізгі тілегімді білдіруге арнайы келдім. Сіздер күн-түн демей, ауруханада адамдардың өмірі үшін күресіп келесіздер. Ерлікке тең еңбектеріңізді ерекше бағалаймыз. Бәріңізді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман-есен, еңбектеріңіз жемісті болсын! Сіздерге барлық жақсылықты тілеймін! – деген өңір басшысы еңбекте алғы шепте жүрген бірқатар сала мамандарына алғыс хат табыс етті.
zhaikpress.kz