9.11.2022, 17:00
Оқылды: 57

Денсаулық сақтау жүйесінің сапа рейтингінде Қазақстан 96 елдің ішінде 58-орында

Биылғы бірінші жартыжылдықта денсаулық сақтау жүйесінің сапасы рейтингінде Қазақстан 96 елдің ішінде 58-орынға тұрақтады. Елдің индексі 59,89 болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5

Ranking.кz порталының мәліметінше, индекс 100-ге жақындаған сайын денсаулық сақтау жүйесі жақсы деп саналады.

Рейтингте денсаулық сақтау мамандарының деңгейі, құрал-жабдықтар, персонал, дәрігерлер мен қызметтердің құны бағаланады.

ТМД елдерінің ішінде Ресей, Армения, Украина, Әзербайжан және Беларусь елдерінің көрсеткіштері Қазақстаннан төмен.

Рейтингтің басында Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапония тұрса, соңғы орынға Мальта жайғасқан.

Қыркүйек айының қорытындысында елімізде амбулаторлық қызметтердің бағасы бір жылда 15,1 пайызға өсті.

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Түркістан (27,5 пайыз), Қарағанды (24,8) және Ұлытау (22,7) облыстарында тіркелді.

Амбулаториядағы дәрігер мамандар қызметі 18,2, дәрігердің алғашқы қабылдауы 16,8, стоматология қызметі 15,1, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметі 10,2 пайыз қымбаттады.

2022 жылдың екінші тоқсанында денсаулық сақтау қызметінің көлемі 733,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 2,7 пайыз аз.

Өңірлер бойынша қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматыға тиесілі - 140,3 млрд теңге. Үздік үштікке елорда (106,7 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (49 млрд теңге) кірді.

Ең аз қызмет көрсету көлемі Ұлытау облысында байқалды - 4,7 млрд теңге.

Үш аутсайдер қатарына Абай және Солтүстік Қазақстан облыстары да бар - 16,3 млрд және 18,2 млрд теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале