9.02.2024, 16:45
Оқылды: 59

Департамент қаза тапқан қызметкердің отбасына үй алып бере ме?

Апелляциялық сот жұмыс уақытында қаза тапқан қызметкердің отбасының шағымын қанағаттандырды.

judge-3665164_1280

Фото: pixabay.com

Өрт сөндіру бөлімінің қаза тапқан қызметкерінің отбасына тұрғын үй және басқа да жеңілдіктерді алу құқығы берілді. Өрт сөндіру бөлімінің С. есімді қызметкері 18.09.2020 жылы қызметтегі міндетін атқару кезінде қаза тапқан.

Оның әйелі мен екі кішкентай баласы бар. Олардың бірі - І топ мүгедегі. Баспаналары жоқ. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтыс болған адамның отбасы мемлекеттен ол қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тұрғын үй алуға, сондай-ақ отбасындағы балалары кәмелет жасына толғанға дейін медициналық және санаториялық-курорттық қызметтерін пайдалануға құқылы.

Алайда жұмыс беруші, Батыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті оның отбасын баспана және оларға қызмет көрсету мүмкіндігінің жоқтығын себеп қылып, тұрғын-үй және санаторияға демалысқа жіберуден бас тартқан. Департамент оларға тұрғын-үй кезегіне тұру үшін жергілікті атқарушы органдарға хабарласуды ұсынған.

Марқұмның әйелі шағымданған бірінші сатыдағы сот жауапкердің бұл уәжімен келісіп, талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан.

БҚО сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бұл сот шешімінің күшін жойып, талапкердің тұрғын-үй және санаториялық-курорттық ем алу құқығын қорғап, шағымданушының талабын қанағаттандырды.

Сот алқасының қаулысы 12.12.2023 жылы кассациялық шағым қаралғаннан кейін заңды күшіне енді.

Сот шешімі әлі орындалған жоқ. Жауапкер шешімнің жүзеге асуын 2025 жылға қалдыруды сұрады. Бірақ талапкердің бұл арызы қанағаттандырылмады.

БҚО сотының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале