ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтар үшін қолжетімсіз немесе жасырын қызметтерді анықтаумен және жоюмен тұрақты негізде айналысады. Мұндай қызметтер қандай да бір себептермен бағаланбауы немесе қолжетімді болмауы мүмкін.
Мысалы, мемлекеттік органдардың жұмысында тиімсіз басқару немесе ашықтықтың жеткіліксіздігі салдарынан жасырын қызметтер көрсету кезінде негізсіз кедергілер немесе қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне жиі негізделген шағымдануының себебі болып табылады.
Азаматтардың бюрократиялық қиындықтарға тап болуы сирек емес, бұл процесті кешіктіреді және оны кең аудиторияға қолжетімсіз етеді. Департамент бұл мәселеге талдау жасайды және жасырын қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін шешімдер ұсынады.
Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау – бұл мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарының қатысуын және қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен белсенді өзара іс-қимылды талап ететін ұзақ мерзімді және біртіндеп жүргізілетін процесс екенін атап өткен жөн. Сондықтан бұл жұмысты үйлестіру және орындау маңызды.
Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау және азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыру үшін әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Негізгі тәсілдердің бірі-мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру. Бұл мемлекеттік органдардың ресми сайттарында қолжетімді мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты орналастыру, бірыңғай ақпараттық база құру, ақпараттық науқандар өткізу және т. б. арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондай-ақ, жасырын мемлекеттік қызметтермен күресудің тиімді тәсілі қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету және бюрократиялық кедергілерді азайту болып табылады. Бұған процестерді автоматтандыру, қызмет алу үшін қажетті құжаттар санын азайту, қызмет көрсету процесіне мониторинг жүргізу және т. б. арқылы қол жеткізуге болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жұмысының қорытындысы бойынша мынадай жасырын мемлекеттік қызметтер анықталды және мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілді:
1. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру;
2. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру;
3. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру;
4. Бала асырап алу агенттігін аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту;
5. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдамалар беру.
Қорытындылай келе, жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау және жою мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ол үшін ақпараттық технологиялардың заманауи әдістерін белсенді пайдалану, мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және бюрократиялық кедергілерді қысқарту қажет.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі