Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі Нұрлан Сабильянов айтты.
«Егер Үкімет заң жобаларын орындамаса, Құрылтай оның мүшелерін босату туралы ұсынысты Президентке жолдай алады. Заңның орындалуын бақылау және халыққа пайда әкелу мақсатында бұл тепе-теңдік аса маңызды. Сондай-ақ Құрылтайда Үкіметтің және Аудиторлық палатаның есептері тыңдалуы қарастырылған», - дейді ол.