4.01.2018, 11:38
Оқылды: 33

Депутаттар ауылдарды аралауда

Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жексенбай Дүйсебаев, Зəуреш Аманжолова және Бақтияр Мəкенмен кездесті.

Кездесуде облыс əкімі өңірдегі ауыз су, жол проблемаларының шешілуіне ықпал еткен депутаттардың қолдауына алғысын айтып, 2017 жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар биылға жоспарланған жұмыстар жайлы ой бөлісті.

Депутаттардың аудандарға жұмыс сапарлары жоспарлануда. Айта кетейік, мəжілісмендермен қатар Сенат депутаттары да ауылдарды аралауда. Мәселен, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиевтің 3-12 қаңтар аралығында Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау, Бөрлі, Тасқала аудандарына іссапарлары жоспарланған. Депутаттар Орал қаласындағы бірқатар өндіріс орындарын да аралайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале