23.02.2023, 11:45
Оқылды: 37

Депутаттар Түркиядан оралған Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен кездесті

Парламент Сенатының депутаттары Түркиядан оралған Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен кездесті. Бұл туралы ҚР ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі хабарлады. 

c6b45d6d75dfe445adbd3fcb5454ccca_1280x720

Сапар барысында және мегаполистегі төтенше жағдайларға ден қоюмен танысу барысында сенаторлар Республикалық жедел-құтқару жасағына барды. Жасақ құтқарушылары жақында Түркияда құтқару миссиясын орындап елге оралғанын атап өткен жөн. Халық қалаулылары құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, олардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Жасақ басшысы Владимир Цой Түркия Республикасындағы жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару жұмыстарына жетекшілік етті, жасақтың техникалық жарақтандырылуы туралы айтып өтті, ал құтқарушылар сүңгуір жабдықтарын, радиациялық және химиялық-биологиялық қорғаудың техникалық құралдарын, авариялық-құтқару техникасын, оның ішінде Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жұмыс істеген кезде құтқарушылар пайдаланған техникаларын  көрсетті.

Депутаттар кинологиялық бөліміне ерекше назар аударып, Қазақстанмен  ынтымақтас Түркия еліндегі жер сілкінісінен кейін, үйінділер астында адамдарды іздеумен айналысқан кинолог-мамандары мен құтқарушы иттердің жұмысын атап өтті.

Делегация төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндіктері мен дайындығын жоғары бағалап, ТЖМ құтқарушыларын әлеуметтік қорғауда жан-жақты қолдау көрсетуге ниет білдірді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале