17.06.2020, 11:58
Оқылды: 2

Депутаттар Үкіметтен елімізді қатаң карантин режиміне қайта көшіруді сұрады

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова Үкіметтен республикалық деңгейде қосымша карантин шараларын енгізуді қарастыруды сұрады.

Karantin

"Ақ жол" ҚДП фракциясы Үкіметтен коронавирус инфекциясын жұқтырған барлық адамдарды ауруханаға орналастыру бойынша шұғыл шаралары қабылдауды, қажет болған жағдайда шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын тегін тексеру үшін өңірлерге медициналық пойыз ұйымдастыруды сұрайды, – деді Қазбекова Мәжілісте депутаттық сауалын жариялай отырып.

Сонымен қатар, оның айтуынша, тұрғындар үшін, оның ішінде аз қамтылған топтарды тегін тестілеу үшін жеткілікті мөлшерде тексеру жүргізілуі керек. Сонымен қатар ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шараларды енгізуді қарастыру керек.

"Ақ жол" фракциясы үкіметтің бірінші кезеңде коронавирустық пандемияға қарсы тұру үшін жасаған күш-жігерін жоғары бағалайды. Олардың нәтижесі көптеген елмен салыстырғанда айтарлықтай індетті тежетті. Сонымен қатар бірқатар аймақтарда шектеулерді алып тастағаннан кейін коронавирусты жұқтырғандар мен өлім-жітімнің күрт өсуі байқалды, – деді ол.

Оның айтуынша, депутаттарға жергілікті жерлерден науқастарды ауруханаға орналастырудан бас тарту, медициналық процедуралардың толық орындалмауы және медицина қызметкерлерінің өздері үшін қорғаныс құралдарының болмауы туралы шағымдар келіп түсуде.

– Денсаулық сақтау министрлігі мен шенеуніктер статистикаға жүгінеді, ал қарапайым адамдар нақты жағдайларға тап болады. Бірақ бұл мемлекет қорғауға міндетті біздің азаматтарымыз! Коронавирусқа арналған тесттердің жоқтығы туралы шағым көп, олардың бағасы да удай, 15 мың теңге, ал елімізде үш ай бойы табыссыз өмір сүріп жатқан отбасылар да жетерлік, – дейді Казбекова.

Тіпті, Нұр-Сұлтанда тест тапсыру кезегіне кемінде екі күн бұрын тұру керек, нәтижелері де уақытында берілмейді, кезек мәселесіне қатысты Алматы, Шымкент, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан және т.б. өңірлерден шағым көптеп түсіп жатыр.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале