1.07.2020, 16:18
Оқылды: 38

Дер кезінде медициналық препараттар мен дәрі жеткізген Ресейге алғыс айтамын - Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей билігіне алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 «Ресей Үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Бұған дейін Ресейдің вирусолог мамандарды Қазақстанға жіберетіні белгілі болған еді. «Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді» делінген ақпаратта.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале